Астанада жеңіл киінген кішкентай бала көшеде жалғыз жүрген
Фото: Әлеуметтік желіден
Астанада ересектердің қарауынсыз жүрген кішкентай бала табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана тұрғыны желідегі парақшасында Майлин көшесінің бойынан ата-анасының қарауынсыз жүрген кішкентай бала табылғанын мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, ол көшеде жеңіл киіммен жүрген.
Желі қолданушылары баланың "жақын маңдағы балабақшалардың бірінен шығып кеткен болуы мүмкін” деп болжады.
“Жақын жерде балабақша бар. Бала ұйқтайтын киіммен жүр. Қашып кеткен болуы мүмкін. Ата-анасы табылады деп үміттенемін. Балабақшадан қашып кеткен болса, жауаптылар жазаланады деп ойлаймын”, “Сол маңайда балабақша өте көп, солардың бірінен шығып кеткен сияқты” – деп жазды желі қолданушылары.
Бала полицияға тапсырылған. Полицейлер баланың ата-анасы анықталғанын мәлімдеді.
“Баланың ата-анасы анықталды. Ол ата-анасына тапсырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция ата-аналарға қырағы болу, балалардың қайда жүргеніне және олардың қауіпсіздігіне назар аудару қажеттігін еске салады”, – делінген ақпаратта.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
