Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда балабақша тәрбиешісі ыстық тамақ тұрған қазанды балаға лақтырып жіберген

Ақтау қаласындағы балабақшада күйіп қалған жеті жасар қыздың анасы білім басқармасымен соттасып жатыр. Баласының бетіне ыстық сорпа төгіп алған тәрбиешінің жазасыз жүргеніне қарсы. Оқиға наурыз айында болған. Зардап шеккен тарап баланың еміне қажетті қаражатты балабақшадан талап етпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Ақтауда балабақша тәрбиешісі ыстық тамақ тұрған қазанды балаға лақтырып жіберген

Жеті жасар баланың үстіне ыстық сорпа төгілген сәт бейне бақылауға анық түскен. Денесінің 30 пайызы күйік шалған Карина терісі тартылып әбден қиналған. 

Анасының айтуынша, балабақшада қызметкерлері бұл жайтқа кінәлі әоі мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары сақталмайды.

"Біз барғанда баланың үсті-басы сорпа болды. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Киімдерін бірден шешкені ақылға қонымсыз. Алғашқы медициналық көмек мүлдем көрсетілмеген. Қызым жанұшыра айғалап жатса да, тәрбиеші алаңсыз жүр. Өйткені ол саңырау екен. Жасы 72-де. Мұндай адамды қалай жұмысқа алуға болады?", - деді Каринаның анасы Сәния Есқалиева.

Баласын емдету үшін Сәния тоғыз ай бойы ауруханалардан шықпаған. Ақтауда арнайы маман табылмай, Нұр-Сұлтанға барып ота жасатқан. Содан соң барып қана баласының жағдайы жақсарған. Қазіргі халі қалыпты, алайда күйіктің іздері әлі бар. 

"Қызыма 40 екпе салды. Қиналғанын көріп, жанымды қоярға жер таппадым. Балабақша директоры бір ай өткен соң бізді ұмытты. Қызым әлі өзөзіне келген жоқ. Әбден шошып қалған. Бұл жағдай басқаларға да сабақ болуы тиіс", - дейді анасы. 

Қалалық білім басқармасындағылар балабақша қызметкерлерін жұмыстан шығаратынын және баланың еміне деп 600 мың теңге жинап беретіндерін айтты.

"Осы жағдайдан кейін біз балабақшада қызметтік тексеріс жүргіздік. Тәрбиеші мен директордан түсініктеме алдық. Аталған балабақшаның тәрбиешісі, оның көмекшісі мен медбике жұмыстан босатылды", - деді Ақтау қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Байшаханова.

Сәния Есқалиева қалалық білім басқармасын сотқа берді. Баласына зардабын тигізген барлық қызметкерді жазалап, ем-шараға кеткен ақшаны қайтарп алмаққа ниетті. 

Талқылау