Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасуды армандайды

Алматыда Жұмабек Дүйсенбай есімді қария үйсіз-күйсіздерге арналған мекемені паналап жүр. Жары мен балалары бас тартқан ақсақал ардагерлер үйіне ауыссам дейді.

photo_221327

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осыдан үш ай бұрын туған әпкесінің отаға түсейін деп жатқанын естіп Ақтөбеден Алматыға аттанған Жұмабек Дүйсенбай ақсақал өмірінің әп-сәтте өзгеріп кететінін білген жоқ. Алматыға жеткенде такси жүргізушісі соққыға жығып,бар ақшасын тартып алып кеткен. Аш жалаңаш Ақтөбеге қайта алмай жүрген жерінен полиция қызметкері көмектесіп осы  мекемеге жіберіпті.

«Өмірімде мұндай жағдай болады деп  ойламаппын. Бұлай боларын білгенде Алматыға келмейтін едім. Әр адамның тағдыры ғой», – дейді ақсақал.

Жұмабек ақсақал туыстарын іздей бастайды. Алайда он баласымен бірге тұратын науқас апайы көмектесе алмайтынын айтқан. Ал, Ақтөбеде тұратын үлкен ұлы мен Назарбаев университетінде оқитын кенже ұлы әкелерінен бас тартыпты.

«Жасым 70-ке келді. Жас келген соң әр жерім ауырады. Ең жаманы жаным ауырады», – дейді ақсақал.

Аузына арақ алып көрмек түгілі шылым шекпейтін ақсақалға мекеме қызметкерлері де бауыр басып қалған.

«Өзін мұнда жайсыз сезінеді. Өйткені отбасына үйреніп қалған», – дейді Алматы қаласы бейімдеу мекемесінің қызметкері Жанна Жұбандықова.

35 жылын медицинаға арнаған, тіпті Эстонияда да қызмет еткен Жұмабек ақсақалдың мұнда тұра алмайтынын түсінген мекеме қызметкерлері енді оны қарттар үйіне ауыстырмақшы.

Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасқан соң үш жыл шыдасам болды кенже ұлым оқу бітірген соң алып кетеді деп армандайды. Үтімін үзгісі келмейді.

Тағы да оқыңыз:

Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)

Оралда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

«Ресейдің ең кішкентай ханшайымы» байқауының 14 жастағы жеңімпазын зорлап кетті

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Талқылау