"Бала-шағасы бар еркекте не жұмысым бар": Қайрат Нұртастың қызы өзін айыптағандарға жауап берді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хитмен Қайрат Нұртастың қызы Алау желі қолданушылардың сөзіне жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде жасөспірім қыз жылап отырып, айыптауларды жоққа шығарды.
"Маған, кішкентай қызға қайдағы бір педофилмен, 3-4 баласы мен әйелі бар еркекпен бірге жүргеннен басқа істейтін іс жоқ па деп жазады. Мені солай жүретіндей ақылсыз, тәрбиесіз көресіздер ме? Олай ойласаңдар, рақмет!", – деді ол көз жасын сүртіп.
-
"18 жасқа толмаған": Қайрат Нұртастың екінші қызы көлік айдап жүр
-
"Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін": Қайрат Нұртастың қызы халыққа үндеу жасады
Даудың басы әйелі педофил деп айыптаған блогер Қолғанат Жұмабаевпен видеоға түскеннен басталған. Көпшілік Қайраттың қызын кінәлап, ескерту жасаған еді.
"Сол үшін тыныш жүр", "Сабағыңды оқып, оқушылар сияқты жүр", "Жаным, жылама", "Кішкентай қызда нелерің бар?", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
Айта кетейік, блогер Қолғанат Жұмабаетың экс-әйелі педофил деп айыптаған еді.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
