Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала ерте жастан телефон қолданса, психикалық ауруларға ұшырау ықтималдығы жоғары – Зерттеу

бала телефон

Фото: Freepik.com

Смартфонды 13 жасқа толғанға дейін қолданған балаларда мазасыздық,оқшаулану байқалып, суицидтік ойларды бастан кешіреді. 163 ел мен аумақтан 100 мыңнан астам жасөспірім қатысқан жаһандық зерттеудің авторлары осындай қорытындыға келді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Journal of Human Development and Capabilities журналында жарияланған мақала авторлары жас ұрпақтың психикалық денсаулығына қатысты зерттеу жасап, смартфон олардың нәзік психикасына әсер етеді дейді.

Зерттеу бойынша бала смартфонды неғұрлым ерте алса, оның жас кезінде психикалық денсаулығына байланысты проблемалардың пайда болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

"Ең ауыр психикалық зардаптар 13 жасқа дейін смартфон алғандарда байқалады. Бұл, әсіресе, қыздарға қатысты: оларда алаңдаушылық, шындықтан алшақтау сезімі және кейде суицидтік ойлар жоғары болады", – деп жазады зерттеудің жетекші авторы, америкалық Sapien Labs талдау орталығының профессоры Тара Тьягараджан.

Жастардың психикалық денсаулығы эмоциялы, когнитивті және әлеуметтік функциялардың деңгейін ескеретін MHQ (Mind Health Quotient) индексі арқылы бағаланды.
Смартфонды 13 жасында алғандар үшін MHQ орташа балы шамамен 30 балл болды. Телефонды бес-алты жасында қолдана бастағандар үшін ол нөлге дейін төмендейді.

Бес-алты жасында смартфон қолдана бастаған қыздардың арасында айқын суицидтік ойлар жартысына жуығында (48%) тіркелсе, телефонды тек 13 жаста алғандар тобында олар екі есе дерлік сирек, яғни әрбір төртінші қызда (28%). Дегенмен ұлдар арасында да айырмашылық бар: 31% және 20%.

Негізгімәселе балалардың құрылғының алғанында емес, оның көмегімен әлеуметтік желілерге, соның ішінде жасанды интеллект алгоритмдері негізінде жұмыс істейтін қосымшаларға қол жеткізуі.

Баланың интернетпен шамадан тыс ерте танысуы барлық психикалық мәселенің шамамен 40%-ы, соның ішінде кибербуллинг, әртүрлі ұйқының бұзылуы және отбасылық байланыстардың әлсіреуіне себепші.

АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Аустралия сияқты ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде жағдай өте қорқынышты. Онда баланың смартфон алудың орташа жасы – небәрі 11 жас. Ал әлеуметтік желілердің әсерінен болған психикалық бұзылулар 70%-ға жетті. 

Зерттеу желілер жас шектеуін қойғанымен, оны айналып өту оңай екенін көрсетті. Сол үшін зерттеу авторлары бірқатар шектеу шараларын енгізуді қатаң ұсынып отыр:

  • мектеп бағдарламасына цифрлық гигиенаны қосу;
  • цифрлық платформалардағы пайдаланушылардың жасын қатаң тексеру;
  • 13 жасқа толмаған балалар үшін кез келген әлеуметтік желілерге кіруге қатаң тыйым салу;
  • альтернативті құрылғылар нарығын дамыту ("балалар" желісі).

Кейбір елдердің билігі балалардың смартфондар мен әлеуметтік желілерге ерте қол жеткізу мәселесін заңнамалық жолмен шешуге көптен бері ұмтылып келеді. Францияда бастауыш және орта мектептерде смартфондарға тыйым салынған. Қытай балалар мен жасөспірімдердің экран алдында өткізетін уақытын шектеу үшін танымал цифрлық платформаларға тапсырыс берді. АҚШ-тың бірнеше штаты пайдаланушылардың жасын міндетті түрде тексеру туралы заң жобаларын талқылауп жатыр

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 17:43
Талқылау