Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)
Алғашқы махаббат ең таза, аяулы сезім. Көп адам алғашқы махаббатын өмір бойы ұмыта алмайды. Ал алғаш сүйген адамдардың үйленуі сирек кездеседі.
Осы орайда бала күнінен бірге өсіп, ақыры отау құрған жандардың оқиғасын баяндай кетейік.
1995 жылы 4 жасар балалар Эмили мен Кэмерон Колман Мэриленд штатында ауырып емханаға түседі. Олардың дерті бір болған.
Екі балақайдың тумысынан қуығы сыртына біткен. Қыз бен бала екі штаттан келгенімен емханада бірден достасы кетеді.
«Ата-аналарымыз ол кезде дәл осы дертіміздің біздің бірге өмір сүруімізге себеп болатынын білген жоқ», – дейді олар.
Бүлдіршіндер емханадан шыққан соң да 20 жыл бойы хабарласып жүрген. Жасөспірім шағында олардың махаббаты өрши түсіп, ынтыға арта түседі.
«2006 жылы біз бірімізді сүйіп қалдық. Бірақ мен Камеронды 1995 жылы бала кезімда жақсы көргем. Ол мені бала болса да емханада бетімнен сүйген», – дейді Эмили.
Кэмерон 2012 жылы Эмилиге үйлену туралы ұсыныс жасаған. Ал, 2015 жылы үлкен той жасайды.
Осылайша бала ғашықтар 20 жыл өткен соң отау құрған. Ал, жақында олардың тұңғышы өмірге келді. Қызының есімін Эверли Грейс деп қойған.
Бұл туралы Эмили жақын күндері парақшасында жазған еді. Оның жазбасын көп адам оқып, ізгі ықыласын жеткізді.
«Мен кейде неге Кэмерон екеуміз бірдей осы дерпен ауырдық деп ойлайтынмын. Бірақ қазір қасымда сүйгенім мен қызым барда дәл сол сынақ 100 рет қайталанса да көнер едім деп ойлаймын. Егер менің махаббат тағдырым сіздерді қызықтырған болса, көпшілікпен бөлісулеріңізге болады», – деп жазады Эмили желіде.
Тағы да оқыңыз:
Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек
Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты
Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр