Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баласы бар келіншекке үйлен": Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына кеңес берді

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына кеңес беріп, тағдырына алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Өнер иесіне анасы баласы бар келіншекке үйленсе, ұрпақ сүю мүмкіндігі бар екенін айтты. 

“Сен мені мұқият тыңдап ал. Мен сөз бастасам, ашуланып шығасың. Қаншама жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін. Ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын", – деді актердің анасы.



Еске салайық, шоумен ұрпақсыз қалудан қатты қорқатынын жасырмаған еді. 

“Дәрігерлер “cен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың" деп айтты. Бұл нәрсені менің әйелімнің көзінше айтқаны маған екі есе ауыр тиді. Мен бұрында бұл нәрсені сезетінмін. 15 жыл балалы бола алмай жүрдім. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп бетіме айтқан соң, маған еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үміт болды. Үміт әлі де бар. Бірақ естіген кезде маған ауыр тиді”, – деген еді актер. 

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев алғаш рет ажырасу себебін айтқан еді. 

Талқылау