"Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне күштеп вакцина салынуда": Қазақстандықтар арасында шу болған ақпаратқа министрлік түсінік берді
Әлеуметтік желілерде қазақстандық балалар үйіндегі бүлдіршіндерге COVID-19-ға қарсы екпенің мәжбүрлі түрде салынып жатқаны туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомство балалар үйіндегі бүлдіршіндерді сонымен қатар еліміздегі барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түрде жүргізілетіндігін айтты.
- Балаларда коронавирустың жаңа белгілері пайда бола бастады
- "600-ден артық бала COVID-19 қарсы вакцинация салдырғаннан көз жұмған": Ақпарат адамдарды шошытты
"Вакциналау балаларға жауапты тұлғалардың жазбаша келісімінен соң ғана жүргізіледі. Ешқандай балалар үйінде 100% міндетті вакциналау жоқ", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың арасында "мектеп оқушыларын ата-аналарының рұқсатына қарамастан вакциналайды" деген ақпарат тараған. Мұндай нормативтік-құқықтық акт туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарған еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді