Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала - үлкен сынақ": Әнші Рано Омарова жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді

Отандық әнші, актриса әрі продюсер Рано Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында бірінші күйеуі және жүктілігі туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/ranosha_umarova

Рано Омарова күйеуімен мейманханалардың бірінде танысқан. 

“Біз мейманханалардың бірінде таныстық. Құрбыларыммен отырғанмын, ол да достарымен жиналған екен. Достарының бірі мені танып қойып, мені әдейі қағып өтті. Ол досы үшін кешірім сұрап, ары қарай сөйлесіп кеттік. Ол менен бірнеше жас кіші еді. Бірақ мен өзімнен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығамын деп мүлдем ойламаппын. Сөйтіп досым ол жігітпен сөйлесуге көндірді. Кейін өзіме де бұл жағдай қалыпты болып кетті. Ол барынша менің көңілімді аударуға тырысты. Біз бір жыл кездесіп жүрдік. Ол бірден өзіне ұл бала керегін айтты, ал мен туып беремін дедім. Бірақ мен “алдымен той жасап бер” деп айтпаппын. Себебі мен тезірек балалы болғым келді. Кейін аяғым ауыр екенін білдім. Ішім шығып қалған. Содан соң құдалық пен сырға салу рәсімін жасадық. Той болған жоқ. Ол бұрынғы күйеуімнің материалдық жағдайына байланысты болмады. Екеуіміз той жасаудың орнына маған көлік аламыз деп шешітк. Бірақ болашақта тұрмыс құрып жатсам міндетті түрде той жасаймын”, – дейді Рано Омарова.

Өнер иесі алғаш рет ана атанған кезін еске алды.

“Жүктілік жеңіл өтті. Тек соңғы айларда күйеуіммен жиі ұрысып жүрдік. Сол себепті ұлым мерзімінен үш апта бұрын  дүниеге келді. “Бала бәрін ұмыттырады, қарым-қатынасты нығайтады” деп айтып жатады ғой. Жоқ, бала – үлкен сынақ. Босанатын кезде екеуіміз сөзге келіп қалдық. Толғақ басталар кезде анама хабарластым, ол “күйеуңе айт” деді. Мені тәккаппарлығым жібермей хабарласпай қойдым. Ақылы ауруханаларда жедел жәрдем жоқ. Мен өзім баруым керек. Ал мені апаратын адам жоқ. Такси де шақырмадым. Ауруханаға өзім барамын деп шештім. Толғақ басталып жатыр. Сөйтіп жол бойы демалып, ауруханаға жеттім. Солай босандым. Мерзімінен бұрын басансам да, баламның денсаулығында ешқандай кінәрат болмады”, – дейді әнші. 

Раноның айтуынша, ұлы Әмірхан әкесіне қатты ұқсайды. 

“Әмірханнің мінезі әкесіне қатты ұқсайды. Дене бітімі, саусақтары, тіпті тісіне дейін әкесінен аумайды. Көздері ғана маған ұқсаған. Кейде мнің әкеме ұқсап кетеді”, – дейді Рано Омарова.

Талқылау