Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бал айында жүрген ерлі-зайыптыны найзағай соғып, қалыңдық мерт болды

Фото: Jam Press

Гондурас мемлекетінде бал айында жүрген ерлі-зайыптының біріне найзағай түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Needtoknow басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға шағын Омоа қаласында болған. Жас жұбайлар қайғылы оқиғадан бір апта бұрын үйлену тойын жасаған. Осылайша бал айына кетіп, жағажайда демалып жатқан.

Күйеу жігіт серуен кезінде қалыңдықты суретке түсірген. Сол сәтте оның жарқылы аспаннан найзағай түсуіне себепкер болған. Найзағай қызды соғып, оның жанында тұрған ер адам да жерге құлаған.



Оқиғадан кейін ерлі-зайыпты ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қалыңдықтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Күйеу жігітке де найзағай түскен, оның жағдайы белгісіз.

Жергілікті билік тұрғындарға ауа райы туралы ескерту жасаған екен.

Айта кетейік, бұған дейін әйелді телефон қуаттап жатқан кезде найзағай ұрғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 14:02
Талқылау