Бақытжан Сағынтаев уақытша премьер-министр қызметіне тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев уақытша Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланып отыр.
Фото: dailynews.kz
“Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметін уақытша атқару – ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктеледі”, – делінген жарлық мәтінінде.
Бақытжан Сағынтаев ҰҚК төрағасы қызметіне ауысқан Кәрім Мәсімовты алмастырып отыр.
Бақытжан Сағынтаев әр жылдары ҚР премьер-министрі кеңсе қызметінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, “Нұр Отан” партиясы төрағасының орынбасары, Өңірлік даму министрі сынды қызметтерді атқарды.
Талқылау