Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаевтың қарындасы “Баян Сұлу” байқауына қатысып жатыр (фото)

Еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалардың бірі қазіргі уақытта “Баян Сұлу” байқауын ұйымдастырып жатыр. Жобаға сәйкес, халық дауыс беру арқылы еліміздегі ең сұлу аруды таңдамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған сұлулық байқауына Бақытбек Есентаевтың жиен қарындасы да қатысуға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды.

“Құрметті, менің оқырмандарым! Шапты-шапты менің қызым, бәйгеге шапты. Қалжыңым ғой. Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысып отырады дегендей. Қызым Әйкерім “Баян Сұлу” байқауына қатысып жатыр еді. Соған сіздер қолдау көрсетіп жіберсеңіздер екен деген өтінішім сіздерге”, – деп сұрады ол желідегі оқырмандарынан.

Айта кетейік, Есентаевтың қарындасы қазірге дейін 267 дауыс жинаған.

Қазіргі уақытта байқау қатысушыларына онлайн дауыс беру жүріп жатыр. Ал жеңімпаз 15 сәуір – ғашықтар күнінде анықталмақ. Байқауды ұйымдастырушы “Баян Сұлу” фабрикасы жеңімпазға су жаңа автокөлік табыс етпек.

Жіберіп алмаңыз: 

Әбдіжаппар Әлқожаның есірген қыздарға арнаған бейнебаяны желіні шулатты (видео)

Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

Айман: Мұраттың толып, сахнадан көрінбей кеткеніне алаңдаймын

Данагүл Темірсұлтанова актриса қызының жігітпен кездесіп жүргеніне байланысты пікір білдірді

Талқылау