Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы бар шындықтың бетін ашты (фото)
Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева ағасы жайында бар сырдың бетін ашты. Ол Есентаевтың жанұяға берілген жан екенін айта отырып, оның ең ізгі қасиеттерін атады. Сондай-ақ, өзі ағасының қос қызы Айсәуле мен Айарумен араласпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Өзін «Бақытбек Есентаевтың жалғыз қарындасымын» деп таныстырған Нағима Есентаева ағасын сағынып жүргенін желідегі жазбалары арқылы білдіреді. Ол ара-тұра Бақытбек Есентаевтың қыздарымен және туыстарымен түскен суреттерін жариялап тұрады.
Бақытбек Есентаев әпкесі және қарындасы Нағимамен бірге
Нағима және Бақытбек Есентаевтардың анасы олардың бала күнінде, ал әкелері есейген шақтарында қайтыс болған. Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек ата-анасының орнын жоқтатпау үшін көп еңбектенген.
«Өмірдегі ең қымбат, құрметті, асқар тау ағатайым менің! Кім не десе о десін, кім не ойласа соны ойласын. Мен үшін тек бүкіл әлемдегі ең ақкөңіл, ең ақ жүрек, ең кең пейілді адал жансың. Сен өте көпшілсің, қолың ашық, береген, берекелі жансың. Жанұям дегенде жаныңды беріп, «Алла, Алладан кейін қасиетті ол тек жанұям» деп үнемі айтып жүруші едің. Осы бір керемет қасиетіңді біреу білсе, біреу білмес. Екі ай болды жан айқайымды өзіңе жеткізгім келеді, бірақ өзіңмен кездесуге барғанда тамағыма тығылған өксігімді өзіңнен жасырып, бетіңе күліп қарап, осалдығымды білдірмей қайтам. Өйткені сен өзің үйреткенсің маған: «Артымнан ерген жалғыз қарындасым менің, сен ұл балаға бергісізсің. Ешқашан ешкімге қиналғаныңды, жылағаныңды көрсетпе, мойыма, өйткені мен бармын, сенің қамқоршы тірегіңмін», деп. Мен ес білгелі анамның жоқтығын да білдірмедің. Қатардан қалдырмай, не кием, не жеймін, не мінемін, қайда тұрамын, қайда барамын дегізбедің. Сендей қамқор жан ешқашан менде болған емес. Ренжімеші, бүгін сенің тіліңді ала алмай қалдым. Неге екенін білмеймін, бүгін не алқынған кеудемді, не егіліп аққан көз жасымды тыя алар емеспін», – деп жазады Нағима Есентаева.
Бұдан бөлек, Есентаева ағасының жомарт жан екенін, қолда барымен әркез туған-туыстарымен, дос-жарандарымен бөлісетінін жеткізген.
«Сұңқар құс шашып жейді,
Қара құс басып жейді.
Сауысқан тыңып жейді, – деген сөздер ойыма түсіп кетті, өйткені сен біздің сұңқар құсымызсың! Өйткені сен өмір бойы Алланың өзіңе берген несібесін жеке өзің ғана жемей, жанұяңа, ата-анаға, ата-ене, ағайын-туыс, бауыр, әпке, қарындас, дос-жолдас, тамыр-таныс, көрші-қолан – бәрімен бөлістің. Осы сөзі өтірік десе, менің бетіме келіп айтсын. Ендігі алдағы тілерім осы екі көзіңнің ағы мен қарасы ерке қыздарыңның қызығын көріп, бақытты өмір сүрсең екен», – деп ағынан жарылды ол.
Желі қолданушыларына берген жауабында Есентаева ағасының қос қызы Айсәуле мен Айарумен араласпайтынын айтып қалды. Ал ағасына сот рұқсат еткен күні барып тұрады екен.
“Барып тұрам, әрине, бірақ келесі кездесу 9 айдан соң ғана беріледі. Сыртынан қалын сұрап, тамағын апарым тұрамын”, – дейді ол.
Жуырда Нағима ағасы Бақытбекті 23 ақпан – бұрынғы отан қорғаушылар күнімен құттықтап, тағы да ол жайлы сыр шертті.
Өз жазбаларында Нағима Есентаева ағасының бұрынғы жұбайы Баян Есентаеваны мүлдем атамаған. Ал сұраған жандарға: “Баянда шаруам жоқ”, – деп жауап берген.
Жіберіп алмаңыз:
Түсіпбаева айтқандарын мойындай отырып Жадодан кешірім сұрады (видео)
Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті
Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)
Бокс аңызы Рой Джонс Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады (видео)