Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақтияр Артаевқа Вел Баркер кубогі қайтарылады

Халықаралық бокс федерациясының музейінде тұрған Бақтияр Артаевқа тиесілі Вел Баркер кубогі қайтарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Артаев

Фото: Prosports.kz

Афина олимпиадасының жеңісінен кейін Вел Баркер кубогін иеленген Бақтияр Артаев өзіне тиеслі жүлдені қайтарып алады. Артаев 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында өзіне тиесілі кубогін Халықаралық бокс федерациясының музейіне өткізген еді.

Кубоктің сапалы көшірмесі жасалып, енді боксшының өзіне қайтарылатын болды. 

Айта кетейік, Вел Баркер кубогі – 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының техникасы ең жоғары боксшыға берілетін жүлде.

Талқылау