Бақытжан Сағынтаев карантин кезінде "Aport"-тың не үшін істеп тұрғанын түсіндірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Aport" сауда орталығының карантинге қарамастан не себепті жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді.
"Бизнес өкілдерімен күнде кездесулер өтеді. "Aport" сауда орталығында жұмыс істеп жатқандар сол жерден қауіпті індетті жұқтырып жатқанын айтты. Қателеспесем, Қаскелең қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 29-30 наурыз күндері сауда орталығы жабылған. Сосын әр шешім облыстың эпидимологиялық жағдайына қарай қабылданады", – деді ол.
Бүгін 2 сәуір Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен "Қаладағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу шаралары" жөнінде онлайн-брифинг өтті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”