Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытжан Базарбек не үшін 30 миллион теңге жалақы алуы керегін түсіндіріп, өзін "парламенттегі ізгі күшке" теңеді

Бақытжан Базарбек

Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбек "20-30 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін" деген сөзіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілісмен әңгіме атқарып жүрген жұмысының көлемі жайында болғанын мәлімдеді.

"Мен заң талап еткеннен әлдеқайда көп күш салып, жұмыс істеймін. Жиырма есе көп. Мүмкін, отыз есе көп. Мен Жоғарғы аудиторлық палатаның, Жер ресурстары комитетінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология министрлігі мен экологиялық инспекцияның тексерістеріне бастамашы боламын. Мемлекеттік органдардың өзі істеуі керек жұмысқа, іс жүзінде оларды мәжбүрлеймін", – деді Базарбек.

Депутат мұндай әрекеттер оның функциялық міндеттеріне кірмейтінін айтса да, Базарбек мемлекеттік органдар өз міндетін орындамағандықтан, айналысуға тура келетінін айтады.

"Бұл іспен ешкім айналыспайды деп ойлаймын. Тексерістерге бастамашы болмайды, заңсыз құрылыстарды, эскиздік жобаларды, жобалау-сметалық құжаттама, заңсыз берілген жер телімдері жойылмайды. Сондықтан мұны істеуге тура келеді", – деді ол.

Депутаттың "өз қызметін 20 млн теңгеге бағалаймын" деген сөзінен кейін әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер пайда болды. Біреулер Базарбекті қолдаса, біреулер "не үшін?" деген сұрақ қойды. Ал кейбіреулер барлық қазақстандық депутаттардың жұмысына сын айтты.

Алайда Бақытжан Базарбектің пікірінше, бұл жай ғана хейт емес. Ол мұны өз есебінен танымал болуға тырысушылық деп санайды.

"Мені қаралап жүрген адамдар түсінуі керек: мен – парламенттегі ізгі күшпін, мен жақсылық жағындамын. Айналамда мені қолдайтын журналистер, блогерлер, қоғам белсенділері бар. Шартты түрде айтсақ, олар мені қаралады, сонда кімді дәріптемек? Олар заңдылықты, елде тәртіп орнатуды қолдайтын адамдарды қолдауға тиіс", – дейді депутат.

Оның пікірінше, өзін хейттеп жүргендер тәртіп жағында емес.

Айта кетейік, бұған дейін депутат 20 миллионға татитын жұмыс атқарып жүргенін айтқан еді. Сондай-ақ бүгін ол “Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын Астанада өткізуді ұсынды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 13:44
Талқылау