Жұмыс тауып, бірнеше мамандықты қатар игеруде: "Бақытты отбасы" орталығы көп балалы және аз қамтылған аналарға қалай көмектеседі
Елімізде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін берілетін мүмкіндіктер күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі – “Бақытты отбасы” орталығы.
“Бақытты отбасы” орталығы қандай қызмет атқарады?
"Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ – 20 жыл бойы Қазақстанның 11 аймағынан 16 ұйымды біріктіретін кәсіби желі ретінде жұмыс істейді. Олардың қызметі – қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға, сонымен қатар қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз қарым -қатынас мәдениетін қалыптастыру. Жыл сайын дағдарыс орталықтары 20 мыңнан астам әйелге құқықтық және психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар 5 мыңға жуық балалы әйел баспаналы болады.
Қазіргі уақытта көп балалы аналар назар аударуды және қамқорлықты қажет ететін мақсатты топ болып табылады. Сондықтан жұмыс тәжірибесі мен жағдайды талдай отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша мұқтаж жандарға ақпарат беруді үйлестіру және ұсынуды қамтамасыз ететін арнайы "Бақытты отбасы" орталығы құрылды.
Бұл орталық жаңа білім алу мен көпбалалы отбасыларды ақпараттандыру, еңбек біліктілігін арттыру, педиатрдан кеңес алу, балалар мен ата-аналардың денсаулығының алдын алу және жақсарту, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрақты алаң ретінде жұмыс істейді. Орталықта аналар психологтан, заңгерден қолдау ала алады, танысады, уақытты ыңғайлы әрі пайдалы өткізеді.
Алматыдағы аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік орталығы тұтынушылық несие, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жәрдемақыларды тіркеу мен алу, құжаттарды қалпына келтіру, кәсіп ашу және азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, және қылмыстық заңнама бойынша кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда адвокат мемлекеттік органдарға, құқық қорғау органдарына, соттарға еріп жүреді.
Мұндай орталықтар заңнамалық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық, білім, тұрғын үй және басқа да мәселе бойынша кеңестік көмек берумен айналысады.
Көп балалы және аз қамтылған әр жанұя “Бақытты отбасы” орталығының мүшесі бола алады. Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, орталыққа келіп, арнайы сауалнама толтырасыз. Осылайша сіз кез келген қызмет түрін тегін алуға мүмкіндік алатын боласыз.
Қазіргі таңда еліміздің 8 қаласында 12 орталық пен 4 кабинет жұмыс істеді. “Бақытты отбасы” орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Өскемен, Тараз, Петропавл және Қостанай сияқты қалаларда бар. Онда психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен медиаторлар отбасын құру мен ажырасуға жол бермеу бағытында кеңестер берумен айналысады.
- Көп балалы ана 5 миллион теңге грант ұтып, тігін цехын ашқан: "Іскер ана" бағдарламасы аналарға қалай көмектесуде
- Көп балалы отбасыларды қолдау жүйесі: мемлекет кімге және қандай төлемдерді тағайындайды
Орталық несімен пайдалы?
Орталықтың мақсаты - әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың экономикалық тәуелсіздігін нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуға деген жеке ынтасын арттыру.
Алматы қалалық әлеуметтік “Бақытты отбасы” орталығының басшысы Әсем Байділданова орталық отбасылар үшін көптеген мүмкіндіктер тудырып отырғанын айтты. Әсіресе тегін өткізілетін курстар отбасылардың қызығушылығын тудырып отыр.
Алматы қалалық әлеуметтік “Бақытты отбасы” орталығының басшысы Әсем Байділданова
“Қазіргі таңда орталықта үш мыңнан артық ана тіркелген. Біз отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Аналар қолөнер, тіл үйрену, кондитер, визажист, массаж, тігін курстарына тегін қатыса алады. Сонымен қатар, тіркелген отбасының балалары да вокал, домбыра, гитара, пианино, ағылшын тілі, математика үйірмелері қарастырылған”, – дейді Әсем Байділданова.
Орталық көп балалы және аз қамтылған аналарға кеңес берумен де айналысады.
“Біздің орталықта аналарға психолог, заңгер мамандары қызмет көрсетеді. Мамандар балабақшаға, мектепке тіркеуге, арнайы анықтамалар шығаруға, атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдеседі. Оған қоса, аналармен жекелей жұмыс жасай отырып, мәселелерін шешіп, психологиялық көмек көрсетеді”, –деп қосты ол.
Орталыққа аналар мен қатар әкелер де келе бастаған. Әсем Байділданова ендә әкелер де өз кәсібін меңгеріп, сол салада маман бола алатынын алға тартты.
“Қазіргі кезде “Бақытты отбасы” орталығына келетін әкелердің де қатары көбейген. Олардың басым көпшілігі жұмыс іздеп келеді. Орталықтағы курстарға қатысып, заңгерден кеңес алып, балаларын қосымшаларға алып келеді. “Бизнес бастау”, “Қолдау” бағдарламалары аясында курстарға қатысып, кәсібін ашып жатқан әкелер де бар”, – дейді ол.
Аналарға қандай мүмкіндік береді?
“Бақытты отбасы” орталығына тіркеліп, қажетті білім мен алып жүрген аналардың бірі Айгерім Қасымова бұл орталық көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін үлкен мүмкіндік тудырып отырғанын алға тартты.
“Бұл орталықта жағдайы төмен әйел адамдарға психологиялық, заң тұрғысынан, білім беру бойынша көмек көрсетеді. Оған қоса балаларға да қамқорлық танытуда. Балаларға арналған курстар, жабдықталған бөлмелер бар, барлық жағдай жасалған. Менің ойымша, үйде отырған, білім алуға, дамуға мүмкіндігі жоқ, ешкіммен қарым-қатынас орната алмай жүрген аналар мен балалар үшін “Бақытты отбасы” орталығы үлкен мүмкіндік тудырып отыр”, – дейді Айгерім Қасымова.
Аналар бірнеше мамандықты қатар меңгеруде
Айгерім Қасымова осы уақытқа дейін орталық арқылы бірнеше мамандықты меңгеріп, өзінің психологияға деген қызығушылы туындағанын айтады.
“Екі айдан бері мен SMM, қас жасау, кондитерлік, ағылшын тілі, тігін курстарына қатыстым. Әсіресе психолог, коуч Олесия Мутурганованың дәрістері менің психологияға деген зейінімді шып, осы салаға қызығуыма әсер етті. Оған қоса, үнемі Құрманғазы атындағы консерваторияға барып, рухани жағынан демаламыз. Барлық аналарға арнайы қажетті құралдар да, кеңсе тауарлары да тегін беріледі. Оған қоса, бос жұмыс орындары жарияланатын арнайы топ та бар. Осы топ арқылы көптеген ана жұмыс тауып, аласының болашағы үшін қызмет етіп келеді”, – дейді Айгерім Қасымова.
Ал орталықтың жұмысына белсенді араласатын аналардың бірі Бақытжан Ақажан “Бақытты отбасына” келгелі бері жаңа орта тауып, балаларым қосымша білімді тегін алуға мүмкіндік алды дейді.
“Бақытты отбасы” орталығы біздің болашағымызға жол ашып берді. Мен үнемі балаларымды осы орталыққа алып келемін. Олар ағылшын тілі бойынша егін білім алады. Қазіргі таңда мұндай мүмкіндік екінің біріне туа бермейді. Балаларыммен қатар, өзім де білімімді шыңдап, әртүрлі курстарға қатысып, көптеген достар тауып, уақытымызды тиімді өткізіп жүрміз. Курс өткізетін адамдар да өз істерінің мамандары. Сонымен қатар, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасы мүшелеріне білім берудің әдіс тәсілдерін де жақсы меңгерген. Бұл жерде түрлі курстар бар. Бізге қатты ұнайды”, – дейді Бақытжан Ақажан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
