Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытгүл Хаменованың ұсталуы: Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін айтты

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі сот әкімнің орынбасарларын жемқор деп таныса отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімінің бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

"Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін заңға сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген орынбасарларының бірі кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген", – деп хабарлады әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болған еді. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берді.

Талқылау