“Бақай” тобы жаңа құраммен өнерге қайта оралмақ
«Кім кінәлі?» атты әндерімен өнерде өзіндік жолдарын қалыптастыра алған «Бақай» тобы жастардың жүрегінен орын алған еді. Алайда көптен бері екі жігіттер құралған бұл ұжым көрінбей кеткен. 
Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.
Біраз танымалдылыққа ие болып қалған әнші жігіттер өнер әлеміне қайта оралмақшы. Бұл жолы топ үлкен сахнаға жаңа құрам, жаңа леппен аяқ басуға ниетті екен.
Топ мүшесі Ержан Үсенбаевтың орнын жас актер, енді әнші Тимур Пиязов басыпты. Жаңа құрамның тырнақалды туындысы «Өмір-ай» атты әнге түсірілген бейнебаян болды. Аталмыш әннің мәтінін Бақдәулет Арыстан, ал әнін жас әнші, сазгер Нұрсұлтан Батырқұлов жазған. Топ мүшесі әрі жетекшісі Бек Шәріптің айтуынша, қазір жаңа құраммен жұмыстар жүргізілуде.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”