Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақаеваның енесі: Бір баламды төртеу қылған Салтанатқа алғысым шексіз

Жақында ғана үшінші рет ана атанған Салтанат Бақаева перзентханадан шықты. Актрисаны шығарып алуға ет жақындарынан бөлек, жақын достары келген. Сондай-ақ, кезекті рет атұстар сыйлаған келінінің жанынан бұл күні қайын енесі де табылды.

31 арнаның “Айта берсін бағдарламасында Салтанат Бақаева қыз күткенін жасырмады. Алайда ұлға да қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Сенуге қиын, бірақ үшінші ұлым дүниеге келді. Әкесіне тартқан. Атын әлі ойластырып жатырмыз. Әрине, қызға да, ұлға да қуаныштымыз. Дегенмен, екі ұлым болған соң қызды армандағаным рас. Біраз уақыттан кейін өз-өзіме келген соң міндетті түрде… Қыз керек өзіме тартқан. Сондықтан Алла қаласа ол күнге де жетіп қалармыз”, – дейді Салтанат ағынан жарылып.

“Түнгі 12-де перзентханаға апарып тастадым, сосын таңға дейін ұйықтамадым. Таңғы сағат 5 шамасында қуанышты хабарды естідім. Қуаныштымыз. Қыз бола ма деп едік, ұл болды. Енді келесісін күтуге де себеп бар”, – деп күлді актрисаның күйеуі Нұржан.

Ал Бақаеваның қайын енесі үшінші перзенттің ұл болғанына ерекше қуанышты екенін жеткізді. Оның себебін Нұржанның анасы былай деп түсіндірді:

“Аналар қалай қуанса, мен де солай қуандым. Бірақ немере деген одан да тәтті болады. Қуанышы үлкен. Қазір қызымды, келінімді, балаларды – бәрін құттықтап жатырмын. Бірақ бірінші кезекте Салтанатқа рақмет айтқым келеді. Неге дейсің ғой? Менің бір ұлым мен екі қызым бар. Енді сол бір балам төртеу болды. Мен соған қуаныштымын”, – дейді Салтанаттың екінші анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Жұбайын туған күнімен құттықтаған Айқын Төлепберген жұрттың қызу талқысына түсті

Салтанат Бақаева Қырғызстанның алғашқы тарихи мюзиклінде басты рөлді сомдады (фото, видео)

Томиристің бала күнгі бейнесін кім сомдайтыны белгілі болды (фото)

Жанар Айжанованың ваннада жатып түскен суреті жұртты дүрліктірді (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы өзінен аумайтын «қызын» көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Талқылау