Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Түркіменстанда "коронавирус жоқ", бірақ ауруханалар науқастарға толы

Түркіменстан билігі пандемия балғаннан бері елде коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін алға тартып келеді. Бұл ретте Түркменстандағы медицина мекемелері COVID-19 коронавирусының белгілері бар пневмониямен ауыратын науқастарды қабылдап үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Түрікменстанның әртүрлі аймақтарындағы медицина мекемелері коронавирус белгілері бар науқастардың ағынына тойтарыс бере алмай отыр. Көптеген ауруханалар адамдарды ауруханаға жатқызудан бас тарта бастаған.

"COVID-19 расталып, коронавирустан көз жұмған адамдарға пневмония диагнозы қойылып, өлімнің себебі ретінде көрсетеді. Ал оларды жерлеу қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізіледі. Ал Түркіменстан билігі елде коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмеген деп мәлімдеуді жалғастыруда", - деп жазды басылым.

Елдің кейбір аймақтарында коронавирус белгілері бар барлық науқасты ауруханаға жатқызу мүмкіндігі болмаған соң бірқатар медицина мекемелері карантинге жабылған. Осы себепті, науқастардың көпшілігі халықтық әдістерді қолдана отырып, үйде емделеді.

"Дұрыс емделмеу, дәріханаларда тіпті тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің болмауы және әртүрлі дәстүрлі емдеу әдістерін қолдану науқастың өміріне қауіп төндіреді. Түркменабад қаласындағы Уч тармағы деп аталатын аймақта бұл бірнеше адамның өліміне әкелді", - деді Түркменабад дәрігері.

Сондай-ақ, пневмониядан қаза болғандардың қалай жерленгені белгілі болды.

"Жерлеу рәсімі қауіпсіздік қызметкерлерінің бақылауымен өтеді. Өлгендердің денелері қара түсті тығыз жабылған пластикалық пакеттерде болады. Оларға ашуға және барлық жерлеу рәсімін сақтауға рұқсат етілмейді", - деді жақында жергілікті зираттағы жерлеу рәсіміне қатысқан Түрікменабад тұрғыны.

Басылым денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінде коронавирус белгілері бар аурудың күрт өсуі туралы қосымша ақпарат пен түсініктемелер ала алмады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр