Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-тағы шудан кейін Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған сарбаздың өліміне байланысты тергеу қайта басталды

Әскери прокуратура Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында өз-өзіне қол жұмсаған 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираштың ісі бойынша тергеуді қайта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бекбол Мираш

Бұған дейін адвокат Сержан Пралиев тергеудің объективті өтпегенін, заң бұзушылықтар болып, тергеу барысында оның өтініш, уәждері қабылданбағанын айтқан болатын. Кейін ол БАҚ өкілдеріне жүгінуге мәжбүр болған. 

Адвокат іс материалдарына енгізілмеген, бірақ тергеу барысын түбегейлі өзгертетін және  жаңа күдіктілерді анықтайтын фактілер барын алға тартады. Себебі қайтыс болған жауынгердің аузынан, денесінен және киімінен басқа адамдарға тиесілі биологиялық материалдар (шәует) табылған болатын.

Заңгер БАҚ-тағы шудан кейін тергеу қайта жүргізіліп жатқанын айтты. Қазір қайғылы оқиға кезінде "Шөлдала" шекара заставасының шекара отрядында әскери борышын өтеген барлық 78 әскери қызметшіге қосымша геномдық сараптама тағайындалған.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы өз белдігіне асылып өлген Бекбол Мираштың қазасы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау