Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақ құсың тумай ма?!": Заңғар Нұртас балалы болуға қатысты оқырман сұрағына жауап берді

заңғар нұртасФото: https://www.instagram.com/zangaar/

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас балалы болуға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында оқырман сұрағын жариялап, ренішін жасырмады. “Бақ құсың тумай ма?!” деп жазған бейтаныс адам. 

“Осындай хаттар жиі келеді, тигізкісі келді ме, білмеймін. Бірақ барлығы Алланың қалауымен", – деп жазды Заңғар.

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында Айдарбековтер әулетіне келін түскен еді. Тойдағы қонақтар сыймай қалып, халықтың сынына ұшыраған еді. 

“Заңғар: “Үнемі 500 қонақ шақырып, игере алмай қаламыз. Аз адам шақырайық” деген болатын. 300 қонақ шақырып едік, әрқайсысы бір-бір адамнан ертіп келген сияқты. Шамамен 500-ге жуық қонақты күтуге тура келді. Мейрамхана әкімшілігімен келісіп, тағы да үстел жайдық. Бір жағынан келін алып қуанып тұрсам, екінші жағынан қонақтарымыздың сыймай қалғанына уайымдап тұрмын”, – деген еді продюсер ене.



Еске салайық, Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтқан еді. 

“Бір той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс”, – деп жазды Заңғар Нұртас.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 15:28
Талқылау