БАҚ: Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі қызының көлігі Мәскеуде адам қағып кетті
Мәскеу орталығында Mercedes автокөлігі мотоцикл жүргізушісін қағып кетті. Ресейлік БАҚ бұл көліктің бұрынғы Ресейдегі Қазақстанның елшісі болған Тайыр Мансұровтың қызы пластикалық хирург Гаухар Мансуроваға тиесілі екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Остоженкада қымбат Mercedes көлігі мотоцикл жүргізушісін қағып кетті. Орташа жарақат алған азамат ауруханаға жатқызылды. Біздің мәліметтеріміз бойынша, көлік "Сириус" пластикалық хирургия клиникасының басшысы Гаухар Мансуроваға тиесілі. Бойжеткен6 сондай-ақ Қазақстанның ең ауқатты адамдарының бірі, Еуразиялық Конгресс басшысы Тайыр Мансұровтың қызы", – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Остоженка көшесінде солға бұрылған "Мерседес" автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан мотоциклмен соқтығысқан. Мотоцикл жүргізушісі 35 жастағы Александр Кобяков көптеген жарақаттармен Пирогов ауруханасына жатқызылды.
Көліктің рөлінде кім болғаны хабарланбады.
Мансурованың өзі mk.ru-ға берген түсініктемесінде жол апатына ұшырамағанын және оның есімі неге аталғанын анықтайтынын айтқан.
Тайыр Мансұров 1994 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып жұмыс істеді. Содан кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
