БАҚ: Қазақстандықтар Новосібір қаласын жаппай тастап қашуда
Украина мен Орта Азия елдерінің азаматтары Новосібір қаласын жаппай тастап кетіп жатыр. Олардың көпшілігі қазақстандықтар. Барлығы да аталған мегаполисте келісімшартпен жұмыс істеген жұмысшылар.
Фото: Алексей Филиппов
Олар құжаттарының мерзімін одан әрі созудан бас тартып, өз елдеріне кетіп жатыр деп жазады kurer-sreda.ru.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда Новосібірде өткен жылы мигранттар саны артқан. Ал биыл қаланы тастап кеткендер саны одан да көп.
Қалаға былтыр өзге мемлекеттерден 1,2 мың адам келген болса (алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп), қаланы тастап кеткен шетелдіктер саны 3,9 мың адамды құрапты (1,6 есеге көп). Кетіп жатқандардың көбі қазақтар. Соңғы жылдары 4,3 мың қазақстандық Новосібірден елге оралған.
Тағы оқыңыз:
Сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт: Байқауға қатысушыларға жыламай қарау мүмкін емес
Қазақстандық «калькулятор қыз» халықаралық олимпиадада жеңіске жетті (фото)
Той кезінде құлап-жығылып қалыңдықтың гүліне таласқан бойжеткендер жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Қостанай түрмесінде уланған сотталушылар: Мекемеде ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды