Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-қа шолу. Қазақстанда дәрігерлер ата-анасына жаңа туған қыздарын ер бала деп сендірген

Павлодар облысында Ақсу орталық ауруханасының дәрігерлері ата-анасына сегіз ай бойы емшектегі қызын ер бала деп сендіріп келген, деп жазды “Время” басылымының журналисі Ольга Воронько.

i12023551

2014 жылдың 22 қазанында К.-ның отбасында қыз бала дүниеге келді. Жаңа туған нәрестеге бүйрек үсті безі қабығының әрекетсіздігі деген диагноз қойылды. Аурудың салдарынан қыздың деліткісі үлкейген болып шықты. Ал дәрігерлер оны ер адамның жыныс мүшесімен шатастырып, тіркеу мекемесіне осындай мәліметті жіберген. Нәресте толық тексерістен өткізілместен үйіне қайтарылған.

Әжесі дүниеге қыз немересінің келгенін жалпақ жұртқа хабарлаған. Алайда перзентханадағы дәрігерлер оны ұл деп қоймаған. Нәрестенің тәбеті нашар болып, жиі құсатын, салмағы бір орында тұрып қалып, үнемі жылайтын, даму жағынан да өз қатарластарынан артта қалып жүрді.

Жергілікті дәрігерлерден көңілі қалған ата-ана “ұлдарын” облыстық балалар ауруханасына тексеріске алып барады. Баланы УДЗ-ға түсіру барысында оның аналық жатыры мен жұмыртқалары анықталды. Медицина мамандары гормоналдық тұрғыдан сәйкес келетін емдеу шараларын жүргізгеннен кейін сәбидің жағдайы едәуір жақсарған. Өз баласы туралы неше түрліні естіген ата-ана перзентханадан 10 миллион теңге өндіріп алмақ болды. Алайда емхананы үш бірдей қорғаушы жақтағандықтан, ақырында дәрігерлер 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеген.

Жіберіп алмаңыз: 

Төрт аяқпен туған үндістандық жігітке көптен күткен операция жасалатын болды

Темір ыдыстан тамақтанған балалардың суреті әкімнің ашуын туғызды

Орыс қыздарын жар еткен қазақтың біртуар қайраткерлері

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Талқылау