Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Бір айдың ішінде Кенесарының бас сүйегі Қазақстанға қайтарылады

Қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі Қазақстанға қайтарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тарих институтының директоры Зиябек Қабылдинов әлеуметтік желіде осындай қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзін Ресейдің мәдениет министрлігі "Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару" жөніндегі комиссия құрамына қосқанын жазыпты. Бірақ көп өтпей жазбасын желіден өшіріп тастады.

Ғалым постын өшіру себебін "алдымен хан Кененің бас сүйегін елге жеткізіп алып, тек содан соң ғана насихаттау туралы шешім қабылдадым" деп түсіндірді. Айтуынша, алдағы бір ай ішінде Кенесары ханның бас сүйегі Ресейден Қазақстанға әкелінуі керек.

Кенесары Қасымұлы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығып, он жыл бойы қазақ халқының байырғы шекарасын сақтап қалу үшін күресті. Бірқатар бекініс, қамалдарға шабуыл жасап, басып та алды. Ақыры, қалың қазақтың көтерілісіне басшы болған Кенесары хан 1847 жылы патша тапсырысымен қаза болды. Жау қолынан опат болған ханның бас сүйегі Омбы генерал-губернаторына жіберілген. Ал кейін Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған деген де деректер айтылды. Бірақ кейбір тарихшылар ханның бас сүйегі табылды дегенге күмәнмен қарайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр