AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Атырауда білім басқармасы басшысының орынбасары ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды

Атырауда Атырау облысы білім басқармасы басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары ұсталды. "Ақ Жайық" басылымының жазуынша, ол және басқарманың басқа да қызметкерлері мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жемқорлықСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, 2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған. Олар мұны басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы жасаған, бұдан басқа қызметкерлердің іссапар шығындарының сомасын асыра төлеп, іс жүзінде өткізілмеген білім беру іс-шараларына төлем жасаған.

“Азаматша К. ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 жылдары) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған.

Басылым журналистері Атырау облысы білім басқармасы басшысы оқиғаға түсініктеме беруден бас тартқанын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр