AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ топ-менеджерлері миллиондаған теңге бонустар мен сыйақылар алған

"Время" газетінің журналисі Михаил Козачков Есеп комитетінің тексеру қорытындыларымен танысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы алаяқтық туралы айтып берді. Басылымда жарияланған мақалада ол бұрынғы ректоры Ғалымқайыр Мұтанов басшылық еткен құрамның қателіктерінің кесірінен университет шығынға ұшырап, тиімсіз келісімдер жасағанын, сондай-ақ қымбат жер учаскелерінен айырылғанын мәлімдеді. Университеттің топ-менеджерлері миллиондаған сыйақы алғанын да атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тексерушілер ҚазҰУ оқытушылары айына 111-163 мың теңге алатынын есептеді, ал ел бойынша орта есеппен жоғары оқу орындары педагогтарының атаулы жалақысы 250 мыңнан асады.

Бұл ретте департамент директорлары 130-дан 280 мың теңгеге дейін ай сайынғы үстемеақылар,  бонустар мен сыйақылар алып отырған, кейбіреулеріне артық жұмыс уақыты үшін сағатына ақша төленген.

"Мысалы, экономика басқармасының бастығы Гүлмира Дүйсембаеваның картасына 2018 жылы – 12,5 миллион теңге, келесі жылы - 17,7 миллион, ал 2020 жылы – 26 миллионнан астам теңге аударылған. Ал жалақысы – 225 мың теңге.

Экономика департаменті директорының орынбасары Маржан Исаева 270 мың жалақымен жылына 3 миллионнан сәл артық табыс табуы керек еді, ал іс жүзінде 14 млн теңгеден көп жалақы алды. Оның ресми түрде айына 350 мың теңге табатын бастығы Нұржан Шынтаев 2020 жылы 21 миллионға байыды. Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гимадиден Қанаев (270 мың жалақы) жыл сайын 10-нан 13 миллионға дейін ақша тапты. "Қазақ университеті" баспа үйінің жетекшісі Алмаз Асан айына 182 мың теңгеге, яғни жылына 2 миллион теңгеге жұмыс істеуге келіскен, бірақ 2020 жылы оның картасына 20 миллионнан астам қаржы түсті. Бұл соманың 17 миллионнан астамы бонус болып шықты", – деп жазды журналист.



Оның мәліметінше, адам ресурстары және мұрағат басқармасының басшысы Айнұр Мадиярованың бүкіл отбасы ЖОО-да ресми түрде жұмысқа орналасқан. Туыстары жалақы алғанымен, жұмыста төбесін көрсетпеген.

"Қызы Әйгерім Бүлембаева 2017 жылдан бастап әскери кафедраның жетекші маманы болып жұмыс істеді. Мәдиярованың жұбайы Нұрсейіт Сыдықов сол әскери кафедрада және кітапханашы болып қызмет етті. Бұған қоса кітапханада Мадиярованың қайын енесі Гүлшат Сыдықова жалақы алды. Әскери кафедра мен кітапхана басшылары Мадиярованың үш туысы да жұмысқа келмегенін айтты, бірақ құжаттар бойынша олар күніне қажетті сағат жұмыс істеген", – делінген материалда.

Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр