Бахрейнде қазақстандық бойжеткендерді секс-құлдыққа сатқандар сотталды

Бахрейнде қазақстандық төрт азаматша адам саудасымен айналысқаны ұшін жазаға тартылды. Олар бойжеткендерге жалақысы көп жұмыс тауып береміз деп алдап, секс-құлдыққа сатып отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жезөкше

Gdnonline.com басылымының мәліметінше, заңсыз бизнеске Бахрейннің 39 жастағы азаматы басшылық жасаған. Оған төрт қазақстандық әйел, үш Бахрейн азаматы мен бір үндістандық ер азамат көмектесіп отырған. 

Қазақстан елшілігі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қазақстандық азаматша жайлы Бахрейн үкіметіне хабарлаған соң күдіктіле қолға түсіпті. 

Бір қазақстандық әйел өзінің адам саудасына қатысы жоқ екенін, десек те түнгі көбелек болып жұмыс істегенін айтыпты. 

"Мен Бахрейнге 2018 жылы жезөкше болуға өзім келдім. Сол кезде 39 жастағы бахрейндік кәсіпкер маған көмектесе алады дегенді естідім", - дейді 20 жастағы бойжеткен. 

Сөзінше, ол интимдік қызметі үшін 50 динар (шамамен 50 мың тең немесе 120 доллар) алып отырған.  

31 мамыр күні Бахрейннің жоғарғы қылмыстық соты қылмыстық топ мүшелерін адам саудасымен айналысып, оларға шабуыл жасап, мәжбүрлі түрде қамап ұстағаны үшін кінәлі деп тауыпты.  

Айғақтардың жеткілікті болуынан олар жазадан жалтарып қала алмапты. Екі қазақстандық әйел мен төрт Бахрейн азаматы жеті жылға түрмеге қамалған. Сондай-ақ оларға екі мың бахрейндік динар (шамамен екі миллион теңге) көлемінде айыппұл тағайындалған. 

Тағы екі қазақстандық әйел екі айға, ал Үндістан азаматы үш айға бас бостандықтарынан айырылған. 

Мұнымен бірге қылмыстық топқа тиесілі екі жүз мың динар (шамамен 200 миллион теңге) ақша тәркіленген. Сот шешімне сәйкес, бұл ақша заңсыз есірткі саудасынан түскен. 

Жалпы алғанда қылмыстық топтың қолынан 21 қазақстандық азаматша зардап шеккен. 

Еске салайық, бұған дейін Бахрейнде сексуалды құлдықтан 21 қазақстандық қыз босатылғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр