Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Бахрейнде қазақстандық бойжеткендерді  сексуалды құлдыққа мәжбүрлегендердің арасында Қазақстан азаматы бар екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

рабство

«Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бахрейндегі сексуалды құлдықтан Қазақстанның 21 азаматын босатып алғанымызды хабарлаған едік. Бұл жұмыс Бахрейннің құқық қорғау органдары және Сауд Арабиясының елшілігімен бірге жүргізілді. Қазір ол қыздар Қазақстанда. Бәрінің жағдайы жақсы. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Бұған қоса қылмыстық топтың құрамында Қазақстан азаматы болғаны айтылды.

«Істің мән-жайын толық айта алмаймын. Ол іске шетел азаматтары ғана емес, Қазақстан азаматтарының да қатысы бар. Олар дәл осы іспен айналысқан ірі ұйымдасқан қылмыстық топ болған. Тергеу аяқталып, қажетті ақпарат дайын болғанда міндетті түрде ол туралы хабарлаймыз», - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Бахрейнде сексуалды құлдықтан 21 қазақстандық қыз босатылғаны айтылған еді

Талқылау