Бағым Мұхитденова бір кездері Димашты сынағаны үшін өкінбейтінін айтты (видео)
Бағым Мұхитденова бір кездері айтқан сөздері үшін өкінбейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Бірнеше жыл бұрын отандық арналардың бірінде “Саз әлемі” атты бағдарлама болды. Аталған бағдарламаны Баян Есентаева мен Қанат Әлжаппаров жүргізді. Бұдан бөлек 8 әділ қазы алқасы болды. Олардың төртеуі қатысушының музыкалық кәсібилігіне мән берсе, қалған төртеуі сырт келбетіне қатысты сын айтты. Димаш осы бағдарламада “Көркемім” атты әнді орындаған болатын. Ән аяқтала салысымен әділ қазы алқалары оны сынауға кіріседі. Сынаушылардың арасында Бағым Мұхитденова да болған еді.
“Сұлтанның сөзіне толықтай қосыламын. Екінші шұмақтан кейін не себепті жоғарылап кеткеніңізді түсінбедім. Мұның қажеттілігі жоқ еді. Витас секілді әншілер болады. Арасына қандай да бір ерекшелік қосса, ол өзіне жарасып тұрады. Өзіңнің вокалыңның мықты екенін әр әнде көрсете берудің қажеті жоқ. Біз сіздің кім екеніңізді өте жақсы білеміз. Сіздің сұраным хатыңыздан-ақ қандай мүмкіндіктеріңіздің бар екенін біліп отырамыз. Мұны бізге көрсете берудің қажеті жоқ. Маған ән ұнамады. Сәл талғамсыздық танытқан сияқтысың”, – деді Бағым Мұхитденова.
Бүгінде Димаштың тыңдармандары аталған бағдарламаның видеосын тауып алған-ды. Олар осы сөздерін продюсердің бетіне басты. “Ол осы айтқандары үшін өкініп жатқан болар” деп ойлады. Алайда Бағым Мұхитденова бір кездері айтқан пікірін өзгертпейтінін жеткізді. Мұнымен қатар, оған шексіз бақыт тілейтінін де жасырмады.
“Бүгін жекеме көптеген хаттар келіп жатыр. Олардың барлығында дерлік менің бір кездері айтқан сөздерім үшін қазір ұялуым керектігі туралы жазылған. Мұнымен қатар, адамдар менің кәсіби біліктілігіме күмән келтіре бастаған екен. Бір кездері айтқан сөзімді қазір де қайталаймын. Байқаулардың форматын шатастырудың қажеті жоқ. Ол ән байқауы болатын. Меңіңше, ол өзіне сай келмейтін әнді таңдаған. (Кәсіби мамандар менімен келіседі деп ойлаймын?!) Мұндай форматтағы әнде вокалыңды паш етіп жатудың қажеті жоқ. (Димаштың даусы сөзсіз керемет.) Бұл ән вокалистер байқауына арналмаған емес пе? Сол себепті қараша түсіне бермейтін қарапайым дүниелерді түсіндіріп өткім келеді! Мен дұрыс таңдалмаған ән туралы айтып жатырмын және оның дұрыс таңдалмағаны айқын көрініп тұр! Ол ән хит болып кеткен жоқ! Ал Димашқа өзі әнін тауып, барлық ісінің оң болуын тілеймін! Бір кездері айтқан пікірімді өзгертпеймін. Ән дұрыс таңдалмаған! “Керуен көшеді, ит үреді” демес бұрын мамандардан кеңес алыңыздар”, – дейді Бағым Мұхитденова.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың шетелдік тыңдармандары Абайды зерттеп жүр
Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді