Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдрайымов актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваны киносына түсірмей қойды

Қалың көпшілікке “Шаншар”, “Алдараспан” сынды әзіл-оспақ театрлары арқылы танылған актриса Жұлдыз Дүйсенбиева “1001 түн” бағдарламасында досы Бағлан Әбдрайымовтың киносына түспей, қапы қалғаны туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/zhuldizay_duisenbieva/baglan_abdraimov_official

Актриса жақында кино түсіріп, продюсерлікке бет бұрған болатын. Өнер иесі кино түсіру жайлы идея ойына қайдан келгені жайлы баяндады.

“Бағлан Әбдрайымов кино түсіргелі жатқанын естіп, біз қуанып жүрміз. Әлиге “екеуіміз де осы кинода ойнап тұрмыз” деп айтып қойдым. Сөйтіп Бағланды шақырып, шәйін беріп: “Вайн түсіріп, фильмге жарнама жасаймыз” десем, бізге: “Екеуің түспейсіңдер” деді. Өзімен бірге режиссері келіпті. “Сіз комедияда ойнаған актрисасыз, біз сізді драмаға сала аалмаймыз” деді маған. Бізде “жарайды” деп қоя салдық та, далаға шыққан соң келісіп, кино түсіретін болып шештік. Біздің түсірген кино да тура осылай басталады. Бағланның бізді киноға алмайтынан, фильм түсірудегі қиындықтардың бәрң шынайы өмірден алынды. Бірақ біз Бағланды киноға шақырдық”, – дейді Жұлдызай.

Талқылау