Бағлан Әбдірайымов сырын жұртқа жайып салған жақыны туралы айтып берді
“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов жан сырын жайып салған жақыны туралы айтып берді. Ол жақын адамына айтқан сырының ел арасында таралып кеткеніне өкінді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«30 тістен шыққан сөз, 30 руға тарайды деген, бабалар өсиетін қанша сахнада ұстансақ та пендшілікпен көпіріп қоя беретініміз бар. Мейлі, ол ол ма? Жақыным дегенге сыр ақтарып, жаныңның жарасын бөлісіп ем іздейсің. Бір қызығы жақыныңа айтқан жан сырың ел ішінде кең таралып жүрсе, ең қызығы сол екен.
Осы өмірде сіз бір кісінің айыбын жасырсаңыз, қияметте Құдай да сіздің айыбыңызды жасыратынын менен жақсы білесіз ғой, өсекші мырза! Мейлі, өз өмірің өзіңе, менікіне өзім жауаптымын. Қорытып келе Абайдың өлеңін көбірек айту боп тұр. Сізге де керек боп қалар, жаттай жүріңіз:
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Ақылың мен білімің екі жақтап”, – деп жазды Бағлан.
Жіберіп алмаңыз:
Сахнаға қайта оралған Зарина Омарова өзін жатырқаған әріптестеріне ренжулі
Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)
Жазира Байырбекова: Келінім пейілі тар қазақ болғанша, ниеті таза өзге ұлттан болсын
Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)