Бағым Мұхитденова да мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Фото: Бағым Мұхитденованың желідегі парақшасынан
Белгілі продюсер, композитор және қазақстандық шоу-бизнестің дамуына зор үлес қосқан тұлға Бағым Мұхитденова Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әртіс ақжарқын хабарды желідегі парақшасында бөлісті.
"Құрмет пен мойындау үшін алғыс айтамын! "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы өмір жолымдағы маңызды белес болды. Әрдайым жанымда менің отбасым бар, олар менің ең басты шабыт пен қолдау көзі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға (@aida_balayeva) шын жүректен алғыс білдіремін. Мен үшін бұл үлкен құрмет. Сенімді ақтауға тырысамын!" – деп жазды Бағым Мұхитденова.
Бұл жаңалық қазақстандық өнер сүйер қауым үшін үлкен қуанышқа айналды.
Айта кетейік, күні кеше ғана оның әпкесі, танымал продюсер Баян Алагөзова алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған еді. Екі әпкелі-сіңліліні өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Меруерт Өтекешова мен Тамара Асар "Халық әртісі" атағын алды
Президент Жарлығымен Шавкат Рахмонов ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды
Еске салайық, бұған дейін Президент Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Марапат иелерінің қатарында еңбек ардагерлері, ғалымдар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, өнер және мәдениет қайраткерлері бар. Олардың ішінде "Қазақстанның Еңбек Ері", "Отан", "Барыс", "Парасат", "Құрмет", "Ел бірлігі" ордендері мен Мемлекеттік сыйлық иегерлері атанған тұлғалар бар.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді