Бағдат Мусин: Қазақстандықтар енді мемлекеттің немен айналысатынын біліп отыра алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Ашық үкімет" платформасын таныстырды. Оның мақсаты - мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жобалардың ашықтығын анықтау мақсатында құрылған «Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудан тұрады.

"2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-де «Astana Hub» базасында «brainstorm» конференциясы өтеді, онда біз «Ашық үкіметті» дамыту тұжырымдамасын талқылаймыз. Барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, ашық үкіметті одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастырғымыз келеді. Біздің мамандар талдау жүргізіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың шешімдері сервис жұмысын едәуір жақсартады. Ал біздің мақсатымыз барынша пайдалануға ыңғайлы әрі оңай етіп жасау", - деді .

Сондай-ақ, министр «Ашық үкіметті» жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізе алатын журналистерді, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, блогерлерді және түрлі саланың мамандарын қатысуға шақырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр