Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдарлама жабылсын: "Өз ойым" продюсері елдің айыптауына жауап берді

Арын сатып, ақша тапқысы келген қыздың оқиғасынан кейін, қоғам белсенділері 7-арнадан шығатын "Өз ойым" бағдарламасын жабуды талап етті. Бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы елдің айыптауына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Бағдарлама жабылсын: "Өз ойым" продюсері елдің айыптауына жауап берді

"Біз қоғамда бар нәрсені талқылаймыз, ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер - актриса, ал біз - театр емеспіз. Оған келе ғой деп ақша да төлемедік. Керісінше студияға келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, "сол ақшаңды мен-ақ берейін" деп жанашырлық танытты. 

Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен өзін райынан қайтардық", - дейді продюсер.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Біз дәл осындай проблеманың бар екенін айттық, көрсеттік.Ал сіз өз қызыңыздың дәл бүгін немен шұғылданғанын білесіз бе? Оның телефонын қарап тексересіз бе? Неге біз айтқан ауызды жабуға тырысамыз? Неге ел болып, жұрт болып осы мәселені мойындап бірлесе отырып шешуге тырыспаймыз? Жастар жылы дейміз. Жастар жылында біз оларға не мүмкіндік беріп жатырмыз? Біз кез келген адамның пікірін тыңдауға әзірміз. Айтар ойларыңыз болса продюсер @zhankeldi_tanatbekuly сіздерді үнемі тыңдайды. Жазыңыз, айтыңыз!

Публикация от "Өз ойым" ток-шоу (@oz_oiym7)

Бұдан өзге, бағдарлама ұйымдастырушылары тақырыпты көрерменнің өзі таңдайтынын мәлімдеді. Айтуларына қарағанда, қазіргі көрермен салмақты, айтары бар тақырыпты қозғаған бағдарламаны көрмейді екен.

Талқылау