"Бағаны ұстай алмасаңдар, халыққа таратыңдар": Депутат халыққа 100 миллиард теңгені үлестіріп беруді ұсынды
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халыққа ақша таратуды ұсынды. Оның сөзінше, бағаны ұстап тұру үшін 100 миллиард бөлінген. Алайда мұның еш пайдасы тимегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аманжан Жамалов үкімет бөлген қаржының 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалғанын айтады.
"Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін", – деді депутат.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”