Бағалы сыйлықтарды табу үшін жағажайға келген: Ақтауда халықтың жаппай жиналуына себеп болған блогер жазаланды
Ақтауда теңіз жағасына қазына жасырған блогер жазаланды. Карантин кезінде халықтың жаппай жиналуына себепші болған ол енді айыппұл төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Қарапайым қазақ" деген лақап атпен танымал Нұрдәулет есімді блогер Ақтауға саяхаттап келіпті. Ол Каспий теңізінің жағасына бағалы сағатын жасырғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Блогер тыққан қазынаны іздеуге 1000-нан аса адам жиналып, теңіз жағасындағы тастарды шарлап кетті. Енді тұрғындардың жиналуына себепші болған блогерге айыппұл тағайындалды.
"Құқық бұзушыларды дер кезінде анықтап, олардан түсініктеме алынды. Жауап алынды. Жеке басы анықталды. Қазір тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау басқармасына құжат жолданды. Ары қарай карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылады", - деді Ақтау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Еркін Елеусізов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”