Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бадам өзенінде балықтар қырылды: Су сынамасының нәтижесі белгілі болды

Түркістан облысында Бадам өзенінен алынған су сынамаларының нәтижелері белгілі болды. Шымкент қалалық экология департаментінің мәліметінше, көрсеткіштер нормадан аспайды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бастапқыда мамандар балықтар оттегінің жетіспеушілігінен қырылды деп болжаған. Алайда зерттеулер мұны да растаған жоқ. Су сынамасы төрт жерден алып, паразиттер мен радиация деңгейі тексерілді. Бірақ зертхана қызметкерлері қауіпті ештеңе таппады.

Экология департаменті қазір сол күні су қоймасына зиянды заттар төгілген деп болжайды.

"Зертханалық талдау нәтижелері бойынша шекті концентрациялардан асып кеткені анықталған жоқ. Ертең рейдтерге шығамыз", - деді Шымкент қаласы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Сарбасов.

Айта кетейік, 8 наурызда желіде Бадам өзеніндегі балықтарың қырылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Сол күні Арал-Сырдария балық шаруашылығы аймақаралық бассейндік инспекциясы Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы департаментінің өкілдерімен бірге Экология, табиғатты қорғау полициясы және Шымкент қаласының ветеринарлық қызметі тексеру жүргізді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 16 Наурыз, 2021 08:51
Талқылау