Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуім орнынан тұрып, сөйлей алмай қалды: БАӘ-де астан уланып қалған отбасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов қазақстандық туристердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қонақ үйде уланып қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

БАӘ-де тамақтан уланып қалған қазақстандықтар мейманхананы сотқа бермек

Әнуар Жайнақовтың сөзінше, отандастарымыз 13 мамырда шағымданғаннан кейін, қазақстандық елшілер оларға бірден хабарласқан.

«Ол уақытта біздің азаматтар Астанаға келіп үлгерді. Олардың сөзінше, сақтандыру компанияларының есебінен ем алған екен. Қазіргі уақытта мейманхананы немесе осы елге сапарды ұйымдастырған операторды сотқа беруге ниетті. Қазақстандық елшілер өз құзіретінің аясында отандастарымызға көмектесуге дайын», – дейді Жайнақов.

Турист Әсел Төлеуғалиеваның сөзінше, ол демалыс кезінде бірінші болып улану белгілерін сезіпті. Мұнан кейін күйеуі мен 3 баласы өзін нашар сезіне бастаған.

«Бірінші мен өзімді нашар сезіне бастадым. Сағат 10-да Dubai Mall-ға баруымыз керек еді. Сол кезде өзімізді жайсыз сезіндік. Мұнан кейін улану белгілері байқалды. Балаларымыз да ауырып қалды. Үш балам бар. Күйеуім жатып қалып, орнынан тұрып  сөйлей алмады», – дейді Әсел Төлеуғалиева.

Оның кенже ұлы қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатыр. Онымен көршілес палаталарды тағы бірнеше зардар шегушілер емделуде. Ендігі олар мейманхананы сотқа беру үшін тиісті құжаттарды жинап жатыр.

Алайда туристік компаниядағылардың сөзінше, туристер ресми түрде шағымданбаған. Олар ресми түрде шағым түсіргеннен кейін ғана туристік агенттік отандастарымызға көмектесуге әзір.

Оқи отырыңыз:

ММХҚИ қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы халыққа үн қатты

Несиесін өтеу үшін жалғызбасты келіншекті азаптап өлтірген шымкенттік таксист 19 жылға сотталды

Елбасы жер бетінде кедейлердің неліктен көп екенін айтып берді

Талқылау