Бүгін елімізде Астана күні тойланып жатыр
Бүгін, 6 шілде, елімізде Астана күні тойланып жатыр. Қазақстан жұртшылығы мерекені тойлауда.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 6 шілде “Астана күні” мемлекеттік мереке болғандықтан демалыс күні болып саналады.
1994 жылы Қазақстан Республикасы парламенті отырысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол “киелі орын”, “босаға” деген мағыналарға ие.
Бүгін Қазақстан халқы Астана күнін атап өтіп жатыр. Астананың еліміздің бас қаласы болғанына биыл 19 жыл толып отыр.
Тағы да оқыңыз:
ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)
Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)
Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым