Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Белгілі әнші Бүркіт жұбайы Аишаны туған күнімен құттықтап, сыйлық жасады. Әншінің ерекше тартуы желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұбайын туған күнімен құттықтаған Бүркіт оған ерекше сыйлық жасап қуантты. Шаңырағындағы бақыт пен жұбайлардың романтикалық сәті түскен видеоны әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Бүгін – мен үшін ерекше күн. Бүгін – менің ұлдарымның анасы, алтынымның туған күні. Туған күніңмен! Бақытты күндерің ешқашан аяқталмасын! Ал мен сені өмірімнің аяғына дейін сүйіп өтемін. Менің ауыр мінезіме шыдап жүргеніңе көп раxмет!» – деп жазды Бүркіт.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің жұбайына деген кіршіксіз сезіміне тәнті болып, Аишаны туған күнімен құттықтап жатты.
Оқи отырыңыз:
59 жастағы Мадонна жалаңаш түскен суретін жариялады (фото)
Замирадан төсек қатынасы туралы сұраған журналисті әріптестері арсыз деп атады (видео)
Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін
Жұлдыз Әбдікәрімова “Бәйтерек” ішінде үкілі орамал және халатпен түскен суретін жариялады (фото)