Бүркіт жарына: Мені таңдағаның үшін бақыттымын
Әнші Бүркіт сүйіктісі Аишаны туған күнімен құттықтады. Көпшілік алдында ақ тілегін арнап, кезекті рет сезімін білдірді.
“Туған күніңмен, жаным! Бақытты өмір сүруіңе мен бар күшімді саламын! Туған күніңмен, жұлдызым. Менің музам! Мені таңдағаның үшін бақыттымын. Балаларым үшін саған көп рахмет! Сенің барыңа рахмет! Мен сені сүйем!”, – деп жазды әнші желіде.
Аишаны туған күнімен желі қолданушылары мен өнердегі достары құттықтады.
“Жараңыздың туған күні құтты болсын, бақытты болыңыздар, бірге қартайыңыздар”, “Аиша қандай бақытты” , “Аиша керемет жан, жақсы көремін”, – деп жазды олар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн