Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)
Әнші Бүркіттің шоу-бизнеске алғаш қадам басқан кездегі образы мен бүгінгі сахналық түр-тұлғасының айырмашылығы жер мен көктей. Кезінде бейнебаянда жартылай жалаңаш қыздармен ойын-сауық құрып отыратын жігіт бүгінде мүлдем өзгерген. Қазір ол Айшамен ғана ән салады, бейнебаянға да өзге қызды түсірмейді. Әнші Бүркіт «Хабар» телеарнасындағы «Компромат» бағдарламасына қатысып, кезінде ұятсыз бейнебаянға түсуінің себебін түсіндірді.
Әнші жартылай жалаңаш қыздармен бейнебаянға түскенін жоққа шығарған жоқ. Оның себебін Бүркіт сол кезде өзі жұмыс істеген продюсерлік орталықтың талабымен түсіндірді.
«Ол кезде жалғыз өзім шешпейтінмін. Продюсерім бар етін, мен ол жерде ақша да құйған жоқпын. Продюсер не айтса, соны істейтінмін. Сол бірінші бейнебаянмен тез арада көзге көріндік. Ол бейнебаянды ұятсыз деп айта алмаймын. Бастысы ән де, клип те өз нәтижесін көрсетті», – деді Бүркіт.
Бүркіт дене сымбатын көрсетуден еш қымсынбайтынын мәлім етті.
«Жақында тағы бір бейнебаян түсірмекшімін. Сонда денемді көрсететін сәттер болады. Сымбатты денем болса оны неге тығуым керек? Спортпен байланысты бейнебаян болса әлбетте түсемін», – деді әнші.
Журналистердің бірі кезінде Бүркіттің қыздармен көп жүргенін алға тартты. Ол әншіден әйеліне қаншалықты адал екенін ашық сұрады. Сонда Бүркіт:
«Солға баратын уақытым жоқ, біріншіден. Екіншіден, сатқын емеспін. Басқа жаққа бару мен үшін екі баламның, әйелімнің алдында сатқындық деп аталады. Өлімнен не басқадан қорықпаймын. Бір Алладан қорқамын. Адам баласынан қорықпаймын. Көзім ашық, үйленбей тұрып иә қыздармен жүрдім. Өте жақсы барғам, қыздармен өте жақсы жүргем. Оның жасыратын ештеңесі жоқ. Жігіт болған соң жүрдік», – деп ағынан жарылды Айшаның күйеуі.
Жіберіп алмаңыз:
Анасы Қыдырәлі Болмановтың бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болмай қойғанын айтты
Аида Қауменова Меруерт Түсіпбаева екеуінің арасындағы даудың қалай шешілгенін айтып берді
Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес