Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. "Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарын басып озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы еліміз иеленген үшінші алтын медаль.  

Ал 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) күміс медаль иеленді. Ал жылжымалы нысанаға оқ ату жеке сайысында егіз спортшылардың бірі Зухра Ирназарова чемпион атанған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Талқылау