Азия ойындары: Каратэші Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына сегінші алтынды салды
Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжықанов Ханчжоуда өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ұлттық құраманың қоржыны сегізінші алтын жүлдемен толықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
22 жастағы Нұрқанат Әжіқанов ақтық сында иорданиялық спортшы Хасан Мұсаевты 8:0 есебімен ұтты. 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы және әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов бірінші қарсыласы Непалдан келген Махаммед Шекху Аламды 5-0 есебімен жеңсе, ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановты 3:1 есебімен ұтты. Ал финалға шығу үшін малайзиялық каратэші Шармендраннан 4:3 есебімен басым түсті.
Енді Қазақстан құрамасының қоржынында 57 медаль (8 алтын, 12 күміс"және 37 қола) бар. Нұрқанаттың жеңісінен кейін Қазақстан медальдік есепте 10-орынға көтерілді.
Айта кетейік, 2 қазан күні таңертең Қазақстан құрамасы каноэ бойынша ескек есуден төртінші орынға ие болғаннан кейін 13-орыннан оныншы орынға көтерілген болатын. Мария Бровкова мен Руфина Искакова WC2 500 метрде байдарка мен каноэ бойынша ескек ескен әйелдер арасында екінші болды. Тағы бір қоланы батут гимнастикасының өкілі Виктория Бутолина жеңіп алды.