Азия чемпионы болған қазақстандық боксшы екі жылға спорттан шеттетілді
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Дамир Тойбай спорттан 2 жылға шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қазақстандық спортшы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Спортшыны шеттетуге себеп – антидопингтік ережелерді бұзуы. Халықаралық допингке тестілеу агенттігінің (ITA) есебіне сәйкес, Тойбай өзінің орналасқан жері туралы міндетті ақпаратты ұсынбаған, бұл антидопингтік ережелерді қатаң бұзу болып саналады. IBA боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін спорттан шеттету туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған, ал 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған еді.
Талқылау