Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Азия чемпионатында 16 жастағы қазақстандық қыз семсерлесуден қола жүлдеге ие болды
23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыз жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Манил (Филиппин) қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде 16 жастағы Софья Николайчук семсерлесуден қола жүлдеге ие болды.
Ал кеше чемпионатта Айбике Хабибуллина бірінші орынды иеленсе, Айгерім Сарыбай күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Бүгінде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.
Талқылау