Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатында өнер көрсететін семсершілеріміз анықталды

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

22 маусым күні Кувейтте семсерлесуден Азия біріншілігі басталып, сарықұрлықтың спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл додада Қазақстан құрамасы да қатысады. Назарларыңызға Азия біріншілігінде сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Шпага, әйелдер: Софья Николайчук, Виктория Қайдарова, Владислава Андреева, Наталья Зинякова; 

Шпага, ерлер: Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай; 

Сабля, әйелдер: Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы;

Сабля, ерлер: Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы;

Рапира, әйелдер: София Ақтаева, Құлжан Түсіпбекова, Алена Гноева, Алина Ескендірова; 

Рапира, ерлер: Ғалым Нұрымов, Темірлан Қалиев, Тимофей Семенов, Никита Пономарев.

Айта кетейік, Семсерлесуден Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының бес жолдамасы бар. 

 

Талқылау